ТЕРАПИЯ

Біздің емхананың терапевтері Сізге жедел және созылмалы соматикалық ауруларды емдеуде көмектеседі, зертханалық және функционалдық зертеулерге қажет жолдамалар жазып береді, сондай-ақ, медициналық ортаның тар көлемді мамандарына жібереді. 

Терапевтке төмендегі жағдайларда бара аласыз: ЖРВА, жедел және созылмалы бронхиттер, пневмониялар, бронхиалды астма;

Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары; жүректің ишемиялық ауруы, миокардиттер, жүрек ырғығының бұзылуы, жүрек ақауы,вегетотамырлы дистония;

Ас қорыту жүйесінің аурулары: гастроэзофагеалдірефлюксті ауру, гастриттер, жара ауруы, ұйқы безінің, ішектердің ауруы;
Буындардың ауруы;
Қан аурулары.
Егер Сізді қыжыл немесе жөтел мазалайтын болса, қан қысымы көтерілсе немесе буындарыңыз ауырса, көкірек қуысы ауырса немесе іш қату мазаласа, ұзақ уақыт бойы температураңыз көтерілсе немесе әлсіздік пен тез шаршау мазаласа – терапевтке хабарласыңыз, сонда Сізге зерттеудің жеке жоспары ұсынылады және оңтайлы емдеу шаралары тағайындалады. 

Бізде амбулаториялық жағдайларда да, күндізгі стационар режимінде де зерттелу үшін мүмкіндіктер бар, сондай-ақ, қажет болған жағдайда жоспарлы тәртіпте және төтенше жағдайда ауруханаға жатқызу мүмкіндігі көзделген. Біздің клиникада Сіз зертханалық зертеулердің барлық түрлерінен өте аласыз. 

Сіздер үшін әрдайым құрсақ қуысын УДЗ,  ЭХО КГ, ЭКГ сияқты диагностикалау түрлері, рентгенологиялық зерттеулердің барлық түрлері және т.б. жұмыс істейді.